https://sputnik.kz/20250519/kazanforum-zhumysyna-segiz-mynnan-astam-adam-qatysty-53686610.html
KazanForum жұмысына сегіз мыңнан астам адам қатысты
KazanForum жұмысына сегіз мыңнан астам адам қатысты
Sputnik Қазақстан
Форум Ресей Федерациясы мен Ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы үшін маңызды рөл атқарады 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T21:10+0500
2025-05-19T21:10+0500
2025-05-19T21:10+0500
қазан
форум
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53512703_0:118:3222:1930_1920x0_80_0_0_f3ffc01e590a2345e9b37d9f0fd0e7b8.jpg
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Қазанда аяқталған "Ресей – ислам әлемі: KazanForum" 16-шы халықаралық экономикалық форумы 96 елден 8,5 мың қатысушы мен БАҚ өкілінің басын қосты, деп хабарлайды "Росконгресс" қоры РФ президентінің кеңесшісі, ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковқа сілтеме жасап.Кобяковтың айтуынша, форум Ресей Федерациясы мен ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы үшін маңызды халықаралық іскерлік шара ретінде өзінің беделін нық бекітті. Бұл елдердің өкілдерімен диалог 18-21 маусым аралығында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (SPIEF) жалғасады.SPIEF Investment & Business Expo аясында Татарстан Республикасы жыл сайын 100 шаршы метрден астам аумақта әлемнің түкпір-түкпірінен келген форум қатысушылары мен қонақтарына инвестициялық әлеует туралы баяндайтын стендтің жұмысын ұйымдастырады.13-18 мамыр аралығында "Ресей – ислам әлемі: KazanForum 2025" 16-шы халықаралық экономикалық форумы өтті. Форум Ресей мен ИЫҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң болып есептеледі. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. РИА Новости форумның бас медиа серіктесі қызметін атқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53512703_246:0:2977:2048_1920x0_80_0_0_a518d9d2cfdf30ff90b64fcadc21908f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазан, форум
KazanForum жұмысына сегіз мыңнан астам адам қатысты
Форум Ресей Федерациясы мен Ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы үшін маңызды рөл атқарады
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Қазанда аяқталған "Ресей – ислам әлемі: KazanForum" 16-шы халықаралық экономикалық форумы 96 елден 8,5 мың қатысушы мен БАҚ өкілінің басын қосты, деп хабарлайды "Росконгресс" қоры РФ президентінің кеңесшісі, ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковқа сілтеме жасап.
"Ресей - ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумына әлемнің 96 елінен, соның ішінде Ресейден 8,5 мың қатысушы мен БАҚ өкілі келді. Біз бұл пікірталас алаңының жұмысына шетелдік бизнес-қоғамдастықтың белсенді қатысқанын көріп отырмыз", - деп атап өтті Кобяков.
Кобяковтың айтуынша, форум Ресей Федерациясы мен ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы үшін маңызды халықаралық іскерлік шара ретінде өзінің беделін нық бекітті. Бұл елдердің өкілдерімен диалог 18-21 маусым аралығында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (SPIEF) жалғасады.
SPIEF Investment & Business Expo аясында Татарстан Республикасы жыл сайын 100 шаршы метрден астам аумақта әлемнің түкпір-түкпірінен келген форум қатысушылары мен қонақтарына инвестициялық әлеует туралы баяндайтын стендтің жұмысын ұйымдастырады.
13-18 мамыр аралығында "Ресей – ислам әлемі: KazanForum 2025" 16-шы халықаралық экономикалық форумы өтті. Форум Ресей мен ИЫҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң болып есептеледі. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. РИА Новости форумның бас медиа серіктесі қызметін атқарды.