https://sputnik.kz/20250519/elordalyq-gimnasshylar-aziya-chempionatynda-11-medal-zhenip-aldy-53682460.html
Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс, екеуі қола жүлде 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T21:37+0500
2025-05-19T21:37+0500
2025-05-19T21:37+0500
көркем гимнастика
гимнаст
алтын жүлде
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53682602_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_2f6d1a6e0d98bfc4d297f314c980ad8e.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды.Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс, екеуі қола жүлде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.Жеке нәтижелер:Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/13/53682602_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_412ec22d8384975692c0974d923beee7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көркем гимнастика, гимнаст, алтын жүлде
көркем гимнастика, гимнаст, алтын жүлде
Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс, екеуі қола жүлде
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды.
Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс, екеуі қола жүлде, деп
хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.
Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.
Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;
Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль;
Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;
Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын.
Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.
"Біз осы жетістікке бір команда болып қол жеткіздік. Әр спортшымның табандылығы мен бапкерлер тобының ерен еңбегі – бәрі бір арнада тоғысып, Азия чемпионатындағы 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальға айналды", – дейді Меруерт Балғынбаева.
Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.