Бұрынғы мәдениет вице-министрі Қожағапанов сотталды

© Photo : Официальный аккаунт ФФК в Facebook Ерлан Кожағапанов
Ерлан Кожағапанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
Тағы бір сотталушы үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 19 мамыр-Sputnik. Бұрынғы мәдениет вице-министрі Кожан Қожағапанов 1 млрд теңге жымқырғаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Қожағапанов мердігер компаниямен 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға шарт жасасуды қолдаған.
"Мәдениет вице-министрі болған кезде, индустрия және туризм комитетіне жетекшілік ете отырып, 2018 жылы СҚО-да форум өткізу үшін, өзіне пайда көру мен артықшылықтар алу мақсатында, ведомстволық көрсеткіштер мен мансаптық өсуді арттыру үшін, мердігердің мүдделерін қолдау арқылы "S K" серіктестігімен комитетке шарттар жасасуды және орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюды тапсырды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соқтырды", - делінген хабарламада.
Серіктестіктің бас директоры Ләззат Көккозова ірі көлемдегі алаяқтық үшін 5 жылға сотталды. Ол бөлінген бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталып отыр.
Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамады, ақтауды сұрады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Қожағапанов 2024 жылдың наурыз айында ұсталған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматыдағы ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2024
Қоғам
Қожағапанов пен Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды
Жаңалықтар
0