"Бұрын-соңды болмаған": мәжіліс үкіметтің жұмысын сынға алды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
Мемлекеттік қарыздың көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 17,2 процентке өсті
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджетті атқару есебі қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-спикер Дания Еспаеваның айтуынша, бюджетті орындау кезінде үкімет тарапынан жол берілетін проблемалар туралы үнемі айтылады. Бірақ министрлердің еті оған әбден үйренген. Мәселен, бюджет тапшылығы ылғи ұлттық қордың есебінен жабылады. Ал мемлекеттік қарыздың көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 17,2 процентке өсті. Соған қарамастан, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 2 есеге артты. 2023 жылы 250,2 млрд теңге болса, 2024 жылы 475 млрд теңгеге жеткен.
"2024 жылдың ішінде бюджет 12 рет түзетілді, бұрын-соңды мұндай көп түзету болмаған (2020 жылы – 5 рет, 2021 және 2022 жылдары - 9 рет, 2023 жылы – 7 рет). Бұл жоспарлау сапасының төмен екенін көрсетеді", - деді Еспаева.
Бұдан бөлек, анықталған заң бұзушылықтардың жалпы көлемі 862 млрд теңгені құрады. 2023 жылы 523 млрд теңге болған.
Мұнайшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
19 мыңнан астам жұмыс орны ашылады - үкімет
Жаңалықтар
0