https://sputnik.kz/20250519/birneshe-alayaqtyq-iske-qatysy-bar-kudikti-saud-arabiyasynan-ekstraditsiyalandy-53671180.html
Бірнеше алаяқтық іске қатысы бар күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Бірнеше алаяқтық іске қатысы бар күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T14:00+0500
2025-05-19T14:00+0500
2025-05-19T14:00+0500
экстрадицияланды
сауд арабиясы
алаяқ
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d748660ee5855a58a4f78f2334b68922.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура мен ІІМ интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның елшілігінің көмегімен қазақстандық азаматты экстрадициялады.Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген. Сонымен қатар ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған жасаған қылмысы үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250307/100-mln-tengege-kasipkerdi-san-soqtyrgan-alayaq-germaniyadan-qazaqstanga-ekstraditsiyalandy-51422560.html
сауд арабиясы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_167:0:1127:720_1920x0_80_0_0_a5e0ed41680b39232407c0e163191af8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экстрадицияланды, сауд арабиясы, алаяқ
экстрадицияланды, сауд арабиясы, алаяқ
Бірнеше алаяқтық іске қатысы бар күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Ол жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура мен ІІМ интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның елшілігінің көмегімен қазақстандық азаматты экстрадициялады.
Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.
Сонымен қатар ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылы ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған жасаған қылмысы үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.