https://sputnik.kz/20250518/zelenskiy-kez-kelgen-formattagy-kelissozderge-dayyn-ekenin-malimdedi-53653661.html
Зеленский кез келген форматтағы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді
Зеленский кез келген форматтағы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Ол Ватиканға Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер алаңына айналуға дайын болғаны үшін алғыс айтты 18.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-18T21:32+0500
2025-05-18T21:32+0500
2025-05-18T21:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47637491_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_bcabb1c891fcec168afba7aad2fe7a68.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский Ресеймен кез келген форматта диалогқа келісетінін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Жұма күні Қасиетті тақтың мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин Рим Папасы XIV Лев Ватиканды Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер өтетін орын ретінде ұсынуға ниетті екенін айтты.Ресей президенті бұған дейін 15 мамырда Ыстамбұлда Украинаға алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын. Владимир Путин тиісті келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келе алатынын жоққа шығармады.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, Ресей ұзақ мерзімді бейбіт реттеуге қол жеткізу жолдарын байыпты түрде іздеуге көшті.Түркияға келіссөздерге аттанған ресейлік делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды.
https://sputnik.kz/20250505/tramp-resey-men-ukrainaga-qatysty-zhaqsy-talqylau-bolganyn-aytty-53171212.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47637491_210:0:1170:720_1920x0_80_0_0_0220081a99126611faa18b8b067ef157.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский кез келген форматтағы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді
Ол Ватиканға Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер алаңына айналуға дайын болғаны үшін алғыс айтты
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский Ресеймен кез келген форматта диалогқа келісетінін мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
Жұма күні Қасиетті тақтың мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин Рим Папасы XIV Лев Ватиканды Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер өтетін орын ретінде ұсынуға ниетті екенін айтты.
"Ватиканға Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер алаңына айналуға дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Біз нақты нәтижелер үшін кез келген форматтағы диалогқа дайынбыз", - деп жазды Зеленский өзінің Telegram-каналында Рим Папасы XIV Левпен кездесуінің қорытындысы бойынша.
Ресей президенті бұған дейін 15 мамырда Ыстамбұлда Украинаға алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын. Владимир Путин тиісті келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келе алатынын жоққа шығармады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, Ресей ұзақ мерзімді бейбіт реттеуге қол жеткізу жолдарын байыпты түрде іздеуге көшті.
Түркияға келіссөздерге аттанған ресейлік делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды.