Тез әрі ыңғайлы: Алматы метросына жол ақысын турникеттер арқылы төлеуге болады

© Photo : акимат АлматыАлматы метросына жол ақысын турникеттер арқылы төлеуге болады
Алматы метросына жол ақысын турникеттер арқылы төлеуге болады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2025
Жазылу
Алматыда метро турникеттері жаңартылады
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Алматыда метро турникеттері жаңғыртылады, деп хабарлайды әкімдік.
© Photo : акимат АлматыАлматы метросына жол ақысын турникеттер арқылы төлеуге болады
Турникеты в метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2025
Алматы метросына жол ақысын турникеттер арқылы төлеуге болады
2025 жылдың күзіне қарай жолақыны турникетте бірден төлеуге болады – бұл үшін банк картасын немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қосымшасы бар смартфонды жақындату жеткілікті.
Қазір әзірге банк картасымен тек кассада немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеу мүмкіндігі бар.
"Енді жетон сатып алудың немесе көлік картасын толтырудың қажеті жоқ. Барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Өту жылдамырақ әрі ыңғайлы болады. Бұл шешім қала қонақтары мен метрополитенді сирек пайдаланатындар үшін өте ыңғайлы", - делінген хабарламада.
Турникеттерді жаңғырту – қалалық көлік сапасын жақсартуға және жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
Встреча акима Алматы Досаева с жителями Турксибского района - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жаңа метро және ЛРТ станциялары: Алматы әкімі құрылыс жоспарлары туралы айтты
Жаңалықтар
0