https://sputnik.kz/20250518/astanadagy-ulttyq-muzey-tun-augansha-ashyq-bolady-53653510.html
Астанадағы Ұлттық музей түн ауғанша ашық болады
Астанадағы Ұлттық музей түн ауғанша ашық болады
Sputnik Қазақстан
2015 жылы өткен алғашқы шараға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген 18.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-18T21:23+0500
2025-05-18T21:23+0500
2025-05-18T21:23+0500
музей
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/05/12/53653190_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_f8a7bc9d99b155e87a78f6db2aa94f5a.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Бүгін Ұлттық музейде сағат 18:00-ден түнгі 00:00-ге дейін есік ашық болады. Себебі мұнда Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі "Музей түні – 2025" мәдени-танымдық акциясы өтіп жатыр.Іс-шараның мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әр түрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау.Акция аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Балдырған гид" жобасы, "Мирас" үйірмесінің экскурсиялары және "Күміс жас" жобасы шеңберіндегі белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысуымен өтетін экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, келушілер үшін "Дала әуендері" атты этно-DJ-сет және танымал тележүргізушілер қатысатын "Жұлдызды гид" шоу-жобасы ұйымдастырылады.Бұдан бөлек көрме мен жәрмеңке, квест-ойындар, концерттер мен шеберлік сағаттары қарастырылған.Ұлттық музейдің мәліметінше, 2015 жылы өткен алғашқы шараға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы аталған акция 2 рет өткізіліп, 39 мыңнан аса адам келді. Оның алғашқысы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылса, екіншісі Халықаралық музейлер күніне арналды. 2018 жылы 37 мыңнан аса адам, ал 2019 жылы 42 мыңнан аса адам келді.Кейінгі жылдары карантин жағдайына байланысты аталған шара музейдің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы онлайн форматта жүзеге асты.Содан кейін 2023 жылы шараға келушілер саны 48 мыңға, 2024 жылы 30 мыңнан аса келушілермен толықты.
https://sputnik.kz/20250517/almatyda-muzey-tuni-otip-zhatyr-53645327.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/12/53653190_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e0553e212f073a5856b1a314d0f71c3b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
музей, астана
Астанадағы Ұлттық музей түн ауғанша ашық болады
2015 жылы өткен алғашқы шараға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Бүгін Ұлттық музейде сағат 18:00-ден түнгі 00:00-ге дейін есік ашық болады.
Себебі мұнда Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі "Музей түні – 2025" мәдени-танымдық акциясы өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әр түрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау.
Акция аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Балдырған гид" жобасы, "Мирас" үйірмесінің экскурсиялары және "Күміс жас" жобасы шеңберіндегі белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысуымен өтетін экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, келушілер үшін "Дала әуендері" атты этно-DJ-сет және танымал тележүргізушілер қатысатын "Жұлдызды гид" шоу-жобасы ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек көрме мен жәрмеңке, квест-ойындар, концерттер мен шеберлік сағаттары қарастырылған.
Ұлттық музейдің мәліметінше, 2015 жылы өткен алғашқы шараға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы аталған акция 2 рет өткізіліп, 39 мыңнан аса адам келді. Оның алғашқысы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылса, екіншісі Халықаралық музейлер күніне арналды. 2018 жылы 37 мыңнан аса адам, ал 2019 жылы 42 мыңнан аса адам келді.
Кейінгі жылдары карантин жағдайына байланысты аталған шара музейдің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы онлайн форматта жүзеге асты.
Содан кейін 2023 жылы шараға келушілер саны 48 мыңға, 2024 жылы 30 мыңнан аса келушілермен толықты.