Түркістан облысында мал дәрігерлері заңсыз 271 млн теңге субсидия алған

© PhotoТүркістан облысында мал дәрігерлері заңсыз 271 млн теңге субсидия алған
Түркістан облысында мал дәрігерлері заңсыз 271 млн теңге субсидия алған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Жазылу
Олар деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың бар екендігі туралы жалған мәліметтер енгізген
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы, Сауран ауданының ветеринарлық қызметі мамандары үлкен көлемде заңсыз қаржы жымқырған деп хабарлайды, өңірлік прокуратура.
Облыс прокуратурасы "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
"Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен ветеринарлық бекеттің меңгерушісі "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың (ұсақ және ірі қара) бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы облыстық әскери бөлімінің 1 қызметкерін, 3 мал дәрігерін және 1 меңгерушіні күдікті ретінде таныған.
"Күдіктілер 19 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеп, сонымен қатар олардың 120 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды", - дейді прокуратура.
Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр.
Аулиекольская мясная порода коров - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Алматы облысында 4,8 млрд теңгеден астам субсидия заңсыз төленген
Жаңалықтар
0