Семейге сый: Абайдың 180 жылдығына орай өзге өңірлер мәдени нысандар салады

Семей - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Жазылу
Облыс орталығында бірден мектеп, кітапхана, музей мен амфитеатр бой көтереді
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің бірнеше ауданында жаңа мәдени нысандардың салынатынын жариялады. Ал Семейде бірден мектеп, кітапхана, музей мен амфитеатр бой көтереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы уақытта Абай ауданындағы мәдениет үйінің жабдықтары жаңартылады. Ал Бородулиха ауданының Камышенка ауылында клуб салынады. Мақаншыдағы "Інжу-маржан" ансамбліне музыкалық аспаптар сатып алынса, Бесқарағай ауданындағы Беген ауылында, Глуховка және Ерназар ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы басталады. Облыс орталығы – Семейде бірден алты нысан бой көтереді.
"Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай мемлекет басшысының қолдауымен "Абайға құрмет" республикалық акция аясында еліміздің өзге өңірлері Семей қаласында музыкалық мектеп, облыстық орталық кітапхана, шығармашылық сарайы, өлкетану музейі, көрме орталығы және амфитеатр салатын болады", - деді Уәли аймақтың даму жоспарына арналған жиында.
Оның айтуынша, спорт саласы да назардан тыс қалмайды. Аудандарда жүзу бассейні, модульдік спорт залы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты бірқатар нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал Водный және Бобровка кенттерінде спорт кешендерінің іргетасы қаланды.
Семейде жаңа шағын аудан салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Семейде жаңа шағын аудан салынады
Жаңалықтар
0