https://sputnik.kz/20250516/tyrnagy-zhulyngan-almatyda-koz-zhumgan-studenttin-anasy-adildik-izdep-zhur-53596521.html
"Тырнағы жұлынған": Алматыда көз жұмған студенттің анасы әділдік іздеп жүр
"Тырнағы жұлынған": Алматыда көз жұмған студенттің анасы әділдік іздеп жүр
Sputnik Қазақстан
Гүлстан Хамит қызының суицид жасамағанын, оны 7-қабаттан әдейі құлатқанын айтып дабыл қақты 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T12:04+0500
2025-05-16T12:04+0500
2025-05-16T12:04+0500
студент қыз
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53597803_0:0:1201:676_1920x0_80_0_0_887cc913c594d57f23615edb6f48fe23.jpg
АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. Алматыда КИМЭП оқу орнының 4-курс студенті Ақнәр Хамит көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап көз жұмды. Анасы Гүлстан Хамит қызының суицид жасамағанын, оны әдейі құлатқанын айтып дабыл қағуда. Оқиға туралы марқұм қыздың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Қызым Қытайдан тауар әкеліп, қосымша саудамен айналысатын деген Гүлстан Хамиттің еңірегенде етегі толды."Былтыр шілдеде қызымды оқу орнында бірге оқитын екі қыз "Тауарыңды ала кел, сатып алармыз" деп пәтерге шақырған. Ол кезде әкесі екеуміз Қытайға кетіп едік. Түннің бір уағында қызымның телефонынан сол таныс қыздың бірі мас күйде телефон шалып, "Ақнәрді ұрып жатыр. Шашын жұлып, төбелесіп жатыр" деді. Сөйлесейін деп едім, қызымның өзіне тұтқаны бермеді. "Өле берсін, полиция шақырамын" деп маған айқайға басты. Сол қоңыраудан соң бейтаныс қыз қайтып тұтқаны көтермеді, не қызым жауап бермеді. Жанталасып Алматыдағы туыстарыма хабарластым. Ол кезде түннің бір уағы болған", - дейді марқұм Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамит.Ақнәрдің туыстары оқиға болған жерді әрең тауып, сағат түнгі төрт шамасында жетеді. Пәтерден дереу қызды іздеген. Алайда бірі жылап, бірі беймарал отырған екі таныс қыз "ол балконнан секіріп кетті" деген. Ақнәрді жедел жәрдем алып кеткен.Ол жарты тәулік комада жатып, қайтыс болады.Марқұмның анасы полицияға сеніп, бір жыл бойы әділдік күткенін, ал күдікті екі қыз бостандықта жүргенін айтады."Мен полицияға сеніп қалдым. Менің қазіргі талабым - әділдік. Екі қыз да шетел азаматы, Қытайға кіріп-шығып еркін жүр. Бас прокуратура, ішкі істер министрлігіне хат жаздым. Содан кейін ғана күдіктіні Қытайдан алып келді. Бостандық ауданының полициясы үш ай бойы біздің адвокаттың хатына еш жауап бермеді. Мен барлық айғақты тергеушіге ұсындым, ешбір назар аударған жоқ", - дейді марқұмның анасы.Қылмыстық іс қалалық полиция бөліміне ауысқан. Олар кешенді сараптама тағайындадық деген. Бірақ 45 күнде сараптама жасалмаған."Мен Бас прокуратураға қайта хат жаздым. Содан кейін ғана кешенді сараптама жасала бастады. Онда да оқиға болған жерге 16 қаңтарда ғана сарапшылар келді. Сонда қызым былтыр шілдеде өлді, сараптама биыл қаңтарда жасалды", - дейді Гүлстан.Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті тараптан бір де бір адам мән-жайды сұрап хабарласпаған. Медициналық сараптамадан екі күдікті қыздың ағзасынан ішімдік табылған, ал марқұм Ақнәр Хамиттің ағзасынан табылмаған.Ал Ақнәр достарының түсіне кіріп, анасын сағынып жүргенін айтады екен.Алматы қалалық полиция департаменті тергеудің дұрыс жүріп жатқанын айтады."Бұл дерек бойынша Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да іс жүргізу әрекеттері орындалуда", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.Айтуларынша, қылмыстық істі департамент басшылығы тікелей бақылауға алыпты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53597803_71:0:1111:780_1920x0_80_0_0_6b88616dff9c5f78a6c946839bbcfdb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
студент қыз, алматы
"Тырнағы жұлынған": Алматыда көз жұмған студенттің анасы әділдік іздеп жүр
Гүлстан Хамит қызының суицид жасамағанын, оны 7-қабаттан әдейі құлатқанын айтып дабыл қақты
АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. Алматыда КИМЭП оқу орнының 4-курс студенті Ақнәр Хамит көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап көз жұмды. Анасы Гүлстан Хамит қызының суицид жасамағанын, оны әдейі құлатқанын айтып дабыл қағуда. Оқиға туралы марқұм қыздың анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Қызым Қытайдан тауар әкеліп, қосымша саудамен айналысатын деген Гүлстан Хамиттің еңірегенде етегі толды.
"Былтыр шілдеде қызымды оқу орнында бірге оқитын екі қыз "Тауарыңды ала кел, сатып алармыз" деп пәтерге шақырған. Ол кезде әкесі екеуміз Қытайға кетіп едік. Түннің бір уағында қызымның телефонынан сол таныс қыздың бірі мас күйде телефон шалып, "Ақнәрді ұрып жатыр. Шашын жұлып, төбелесіп жатыр" деді. Сөйлесейін деп едім, қызымның өзіне тұтқаны бермеді. "Өле берсін, полиция шақырамын" деп маған айқайға басты. Сол қоңыраудан соң бейтаныс қыз қайтып тұтқаны көтермеді, не қызым жауап бермеді. Жанталасып Алматыдағы туыстарыма хабарластым. Ол кезде түннің бір уағы болған", - дейді марқұм Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамит.
Ақнәрдің туыстары оқиға болған жерді әрең тауып, сағат түнгі төрт шамасында жетеді. Пәтерден дереу қызды іздеген. Алайда бірі жылап, бірі беймарал отырған екі таныс қыз "ол балконнан секіріп кетті" деген. Ақнәрді жедел жәрдем алып кеткен.
Ол жарты тәулік комада жатып, қайтыс болады.
"Полиция бөліміне барғанда қыздар "Ақнәр өзі секіріп кетті" деп жауап берген. Ақнәрдің денесінде үш саусағының тырнағы жұлынған, мойны, басы тырналған. Шашы уыс-уыс жұлынған. Бүйірінен тепкен ізі бар, қан ұйып қалған. Сүйегіне түскен сынықшы апа қолы сынған, қолын бұрап сындырып жіберген деді. Мұрны сынған. Бет-аузынан сау-тамтық жоқ", - дейді Гүлстан Хамит.
Марқұмның анасы полицияға сеніп, бір жыл бойы әділдік күткенін, ал күдікті екі қыз бостандықта жүргенін айтады.
"Мен полицияға сеніп қалдым. Менің қазіргі талабым - әділдік. Екі қыз да шетел азаматы, Қытайға кіріп-шығып еркін жүр. Бас прокуратура, ішкі істер министрлігіне хат жаздым. Содан кейін ғана күдіктіні Қытайдан алып келді. Бостандық ауданының полициясы үш ай бойы біздің адвокаттың хатына еш жауап бермеді. Мен барлық айғақты тергеушіге ұсындым, ешбір назар аударған жоқ", - дейді марқұмның анасы.
Қылмыстық іс қалалық полиция бөліміне ауысқан. Олар кешенді сараптама тағайындадық деген. Бірақ 45 күнде сараптама жасалмаған.
"Мен Бас прокуратураға қайта хат жаздым. Содан кейін ғана кешенді сараптама жасала бастады. Онда да оқиға болған жерге 16 қаңтарда ғана сарапшылар келді. Сонда қызым былтыр шілдеде өлді, сараптама биыл қаңтарда жасалды", - дейді Гүлстан.
Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті тараптан бір де бір адам мән-жайды сұрап хабарласпаған. Медициналық сараптамадан екі күдікті қыздың ағзасынан ішімдік табылған, ал марқұм Ақнәр Хамиттің ағзасынан табылмаған.
"Не менің қызымды өлтірген күдіктілер сотталсын, не осы істі дұрыс тергемеген полиция сотталсын. Әділдікке жеткенше күресемін", - дейді Гүлстан Хамит.
Ал Ақнәр достарының түсіне кіріп, анасын сағынып жүргенін айтады екен.
Алматы қалалық полиция департаменті тергеудің дұрыс жүріп жатқанын айтады.
"Бұл дерек бойынша Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да іс жүргізу әрекеттері орындалуда", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.
Айтуларынша, қылмыстық істі департамент басшылығы тікелей бақылауға алыпты.