https://sputnik.kz/20250516/astana-auezhayynda-arab-kompaniyasy-aero-city-zhobasyn-iske-asyrady-53590993.html
Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады
Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады
Sputnik Қазақстан
Әуежайдың барлық қызметкері өз жұмысын жалғастыра береді 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T10:24+0500
2025-05-16T10:24+0500
2025-05-16T10:24+0500
астана әуежайы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47745386_108:0:1217:624_1920x0_80_0_0_208b086d4725eaaf18222e56f33dd658.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астана әуежайында "Aero City" жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әуежайдың ресми сайтына сілтеме жасап.Біріккен Араб Әмірліктерінің "Terminals Holding" компаниялар тобы әуежайды 25 жылға сенімгерлік басқаруға алады. Осы уақыттың ішінде 153 миллиард теңге тікелей инвестиция, сондай-ақ үшінші тараптардан 393 миллиард теңгеге дейін жанама инвестиция тарту жоспарланған. Қомақты қаржыға ауқымды жұмыстар атқарылады. Олар:"Инвестициялық бағдарламамызда қонақ үй кешендерін, іскерлік және сауда орталықтарын, сондай-ақ заманауи көрмелер мен конференц-залдарды қамтитын Aero City инновациялық көпфункционалды кластерін құруға ерекше көңіл бөлінеді. Aero City жобасы әуежайдың тартымдылығын арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, бүкіл аймақтың экономикалық дамуының катализаторына айналады. Сонымен қатар бұл жоба үшінші тараптардан қосымша инвестициялар тартуға және жергілікті экономиканың өсуіне ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.Мемлекеттік бюджеттен ақша алынбайды. Барлық жұмыс жеке қаражаттың есебінен атқарылады.Әуежайдың барлық қызметкері өз жұмысын жалғастыра береді. Алдағы уақытта оларды оқыту және біліктілігін арттыру шаралары да қолға алынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47745386_247:0:1079:624_1920x0_80_0_0_4aa4fe50bf6c5350ec3e1d56296e3536.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әуежайы
Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады
Әуежайдың барлық қызметкері өз жұмысын жалғастыра береді
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Астана әуежайында "Aero City" жобасы іске асырылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әуежайдың ресми сайтына сілтеме жасап.
Біріккен Араб Әмірліктерінің "Terminals Holding" компаниялар тобы әуежайды 25 жылға сенімгерлік басқаруға алады. Осы уақыттың ішінде 153 миллиард теңге тікелей инвестиция, сондай-ақ үшінші тараптардан 393 миллиард теңгеге дейін жанама инвестиция тарту жоспарланған. Қомақты қаржыға ауқымды жұмыстар атқарылады. Олар:
3,5 км құрайтын жаңа (қосымша) ұшу-қону жолағын салу;
қолданыстағы Т2 жолаушылар терминалын кеңейту;
жаңа халықаралық Т3 терминалының құрылысын бастау;
рейстерге үздіксіз қызмет көрсету мақсатында жанар-жағармай құю кешенінің аумағын 5,2-ден 11,6 гектарға дейін ұлғайту.
"Инвестициялық бағдарламамызда қонақ үй кешендерін, іскерлік және сауда орталықтарын, сондай-ақ заманауи көрмелер мен конференц-залдарды қамтитын Aero City инновациялық көпфункционалды кластерін құруға ерекше көңіл бөлінеді. Aero City жобасы әуежайдың тартымдылығын арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, бүкіл аймақтың экономикалық дамуының катализаторына айналады. Сонымен қатар бұл жоба үшінші тараптардан қосымша инвестициялар тартуға және жергілікті экономиканың өсуіне ықпал етеді", - делінген ресми хабарламада.
Мемлекеттік бюджеттен ақша алынбайды. Барлық жұмыс жеке қаражаттың есебінен атқарылады.
"Негізгі инфрақұрылымға меншік құқығы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-да қалады, ал мемлекет бюджетке тұрақты кірістерді алуды жалғастырады", - дейді мамандар.
Әуежайдың барлық қызметкері өз жұмысын жалғастыра береді. Алдағы уақытта оларды оқыту және біліктілігін арттыру шаралары да қолға алынады.