ҰБТ өткізу күні өзгертілді

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Жаңа дата туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында автоматты түрде жаңартылады
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізу күні өзгергенін хабарлады.
"Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді", - деп жазылған хабарламада.
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.
24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Тестілеудің жаңа датасы туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар SMS-хабарлама жолданады.
Жаңалықтар
0