Тәртіпті бақылайтын қоғамдық көмекшілер көбейеді – оларға сыйақы беріледі

© Sputnik / Владислав ВодневФоторепортаж о буднях мажилиса
Фоторепортаж о буднях мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Бүгінде қоғамдық көмекшілерге жалақы төленбейді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған заң жобасын әзірледі. Онда тәртіпті бақылайтын қоғамдық көмекшілердің санын барынша арттыру қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, бүгінде ішкі істер органдары ғана қоғамдық көмекшілерді жұмысқа тарта алады. Ал жаңа заң жобасы аясында ондай құзірет барлық құқық қорғау органына беріледі. Бұдан бөлек, қоғамдық көмекшілердің қызмет аясы кеңейеді.
"Енді олар көшеде патруль жасап қана қоймай, құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыруға, консультативтік органдардың жұмысына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға қатыса алады", - деді Лепеха мәжілісте өткен отырыста.
Атап айтқанда, қоғамдық көмекшілер құқық бұзушылыққа бейім адамдарды және олардың жиналатын жерлерін анықтайды. Сондай-ақ мәдени және ойын-сауық шаралары кезінде қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етеді.
"Ал ең белсенді қоғамдық көмекшілерді әкімдіктердің жанындағы комиссиялар марапаттайды. Сыйақы да беріледі. Марапаттау тәртібін әкімдіктердің өздері анықтайды",-деп атап өтті Лепеха.
Оның сөзіне қарағанда бүгінде қоғамдық көмекшілерге жалақы төленбейді. Сыйақы ғана қарастырылған.
"Қазіргі қоғамдық көмекші емес, қарапайым адам да құқық бұзушылықты анықтаса, сыйақы ала алады. Бірақ оны жергілікті билік шешеді", - дейді министрдің орынбасары.
Жаңалықтар
0