Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан үшжақты кездесуде су бөлу тәртібін айқындады

© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана
Жазылу
Ташкенттегі энергетика министрлігі басшыларының кездесуінде Қамбаратин ГЭС-1 құрылысы, сондай-ақ Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның қатысуымен Каспий энергетикалық дәлізін құру талқыланды
АСТАНА, 15 мамыр-Sputnik. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетикалық және су ресурстарына жетекшілік ететін министрлердің үшжақты кездесуінде энергетикалық объектілердің жұмыс режимдерін және Сырдария өзенінің бассейнінде жазда су бөлу тәртібін келісті. Бұл туралы Энергетика министрлігінде хабарлады

Ташкенттегі халықаралық энергетикалық форумда Қазақстанның энергетика министрі Ақкенженов бірқатар кездесулер өткізді
© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана
"Хаттамаға қол қою бұл - су ресурстары теңгерімдерін пайдалануды және Орталық Азияның энергия жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған үш елдің тұрақты ынтымақтастығы шеңберіндегі маңызды қадам болып табылады", - делінген ведомство хабарламасында.
Әр вегетациялық кезеңге дейінгі режимдерді талқылау мен келісу - гидрологиялық жағдайды және елдердің су және энергетикалық ресурстарға қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
"Вегетациялық кезеңге арналған режимдер бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар дәйекті бірлескен жұмыстың нәтижесі болып табылады және барлық қатысушы елдердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, біз энергетикадағы технологиялық жаңалықтарды қадағалап, өндірушілерімізге қолдау көрсетуді жалғастырамыз, бұл секторды жаңғырту және өңірлік әріптестігімізді нығайту үшін маңызды", - деді энергетика министрі Еран Ақкенженов.
Министр "Өзбекстанның энергетикалық апталығы" көрмесінде - энергетика саласындағы заманауи технологиялармен танысып, қазақстандық компаниялардың саланы дамытуға және инновациялық жобаларды іске асыруға қосқан үлесін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар бірқатар ұзақ мерзімді стратегиялық жобалар бойынша консультациялардың барысын талқылады. Атап айтқанда, Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы жөніндегі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы келіссөздер жоспарлы түрде жалғасып жатқаны және Әзербайжан, Қазақстан мен Өзбекстанның қатысуымен жүзеге асырылатын Каспий энергетикалық дәлізін құру жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.

Ташкенттегі халықаралық энергетикалық форумда Қазақстанның энергетика министрі Ақкенженов бірқатар кездесулер өткізді
© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана
Отдельно глава Минэнерго отметил, что обсуждение проекта строительства Камбаратинской ГЭС-1 между Казахстаном, Узбекистаном и Кыргызстаном продолжается в рабочем порядке, как и работа по проекту создания Каспийского энергетического коридора с участием Азербайджана, Казахстана и Узбекистана.
