"Мерейлі отбасы - 2025": ұлттық байқауға өтінім қабылдау басталды

Детские руки
Детские руки - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүріп жатыр
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Республика бойынша "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
15 мамыр - отбасы күні. Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
"Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүріп жатыр. Мемлекет үшін отбасын қолдау – жай ғана басымдық емес, бұл – тұрақты дамудың берік негізі. Елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалуда", - дейді министр.
Қазақстанда 112 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді.
Жалпы отбасы құндылығын арттыру мақсатында жылда "Мерейлі отбасы" байқауы өтеді.
Балаева әр отбасын осы бір ұлттық байқауға қатысуға шақырды.
"#отбасы күні 2025 және #день семьи 2025 хештегтерімен жүрекке жылы фотоларыңызды, отбасылық тарих пен дәстүрлеріңізді бөлісіңіздер. Өнегелі өмірлер, берекелі отбасылар баршамызға үлгі!", - дейді министр.
Жаңалықтар
0