Көктемгі егіс науқаны: Ақмола облысында 750 мың гектар жерге тұқым себілді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКөктемгі егіс жұмыстары
Көктемгі егіс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 52 мың гектарға артып, 5,5 миллион гектарды құрайды
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Науқан аясында шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 52 мың гектарға артып, 5,5 миллион гектарды құрайды. Бұл өңірдегі аграрлық саланың тұрақты дамуын көрсетеді, дейді әкімдіктегілер
Майлы дақылдар алқабы айтарлықтай кеңейіп, 430 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта 750 мың гектардан астам алқапқа жаздық егіс жүргізілді. Егіс науқанына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.
"2025 жылғы көктемгі егіс науқаны қалыпты режимде жүріп жатыр. Барлық дайындық жұмысы уақытында аяқталды, қазір аудан аграрийлері егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. Үйлесімді жұмыс пен техникалық қамтылу арқылы барлық мақсаттарға қол жеткізіп, мол өнім аламыз деп сенеміз", – деді Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов.
Жарқайың ауданының диқаншылары 663,5 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр, қазіргі таңда 123 мың гектарға тұқым себілді. Бұл аудан облыстағы егістік көлемі бойынша ең ірі өңір саналады.
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер жеңілдетілген кредит алып үлгерді
Жаңалықтар
0