https://sputnik.kz/20250515/ishki-agzalaryn-satpaq-bolgan-aqtobelik-ustaldy-53562697.html
Ішкі ағзасын сатпақ болған ақтөбелік ұсталды
Ішкі ағзасын сатпақ болған ақтөбелік ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол ішкі органдарын 15 млн теңгеге бағалаған 15.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-15T13:48+0500
2025-05-15T13:48+0500
2025-05-15T13:52+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлады Бас прокуратура.Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болғаны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында нықталған.Алынған мәліметтер негізінде облыстық полиция департаменті жедел іс-шаралар жүргізді.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ішкі ағзасын сатпақ болған ақтөбелік ұсталды
13:48 15.05.2025 (жаңартылды: 13:52 15.05.2025) Ол ішкі органдарын 15 млн теңгеге бағалаған
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болғаны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында нықталған.
Алынған мәліметтер негізінде облыстық полиция департаменті жедел іс-шаралар жүргізді.
"2025 жылдың 30 сәуірінде жедел іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.