Елдегі көлік саны 6 миллионнан асты

© Sputnik / Владислав ВодневЕлдегі көлік саны 6 миллионнан асты
Елдегі көлік саны 6 миллионнан асты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Сәуір айында мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 176 мың бірлікті құрады.
Олардың ішінде:
86,5% – жеңіл автомобильдер;
9,7% – жүк көліктері;
1,9% – автобустар;
1,9% – мотокөлік
Сәуір айында мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды
Оның ішінде:
жеңіл автомобильдер – 153,3 мың бірлік;
жүк автомобильдері – 11,3 мың бірлік;
автобустар – 1,5 мың бірлік;
мотокөлік – 18,6 мың бірлік.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ (мопед) дейін мотоқұралдарды міндетті тіркеу енгізілді. Сәуірде тіркелген мотокөлік құралдарының саны 18,6 мың бірлік, осылайша есепке қойылған мотокөлік құралдарының жалпы саны 115,8 мың бірлікті құрады.
Мопед - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Елде 3 700-ге жуық мопед тіркелді
Жаңалықтар
0