Тоқаев Қарабаевқа сөгіс жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Министр жұмыс барысында кемшіліктер жіберген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік орган басшыларының баяндамалары тыңдалды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Заседание Совбеза под председательством президента Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.
"Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл дәліз" жүйесін ұйымдастырып, еліміздің логистикалық әлеуетін оңтайлы пайдаланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуге тиіс.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Заседание Совбеза под председательством президента Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы жүк тасымалы көлемін арттыру үшін нарықты авиаотынмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету қажет деп санайды.
Бұдан бөлек, мультипликативтік тиімділікті көтеру мақсатында еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайту, соның ішінде әлемдік жеткізу тізбегіне қосылу міндеті қойылды.
Жиын соңында президент министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.
Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Жаңалықтар
0