https://sputnik.kz/20250514/qazaqstandyq-mamandardyn-tagy-bir-toby-qytayga-oquga-attandy-53511361.html
Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды
Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды
Sputnik Қазақстан
Су шаруашылығы саласында қызмет ететін 120 маман Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T12:16+0500
2025-05-14T12:16+0500
2025-05-14T12:16+0500
қхр
маман
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53511664_0:78:1024:654_1920x0_80_0_0_9c982a9269328b5bfdb0469e41e0eeb1.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Биыл наурыз айында министрлік Қытайдың су шаруашылығы министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеген болатын. Соның аясында 120 маман Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Оған бюджеттен ақша бөлінбейді. Себебі Қытай барлық шығынды өтеп беруге келісті. Бұған дейін екі апталық курстарға 30 маман барып келген. Осы жолы екінші топ жіберілді. Олар су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бойынша оқытудан өтеді. Бұдан бөлек, Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары ұйымдастырылады. Биыл оған шамамен 1000 маман қатысады деген жоспар бар. Айта кетері, бұған дейін министр Нұржан Нұржігітов мыңдаған жұмыскердің жалақысы 50 процентке көтерілетінін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250306/qazaqstan-men-qytay-kolledzhderi-17-kelisimge-qol-qoydy-51381469.html
қхр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53511664_26:0:999:730_1920x0_80_0_0_b61e1ae905499752678c921d311231cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қхр, маман
Қазақстандық мамандардың тағы бір тобы Қытайға оқуға аттанды
Су шаруашылығы саласында қызмет ететін 120 маман Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан су ресурстары және ирригация
министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл наурыз айында министрлік Қытайдың су шаруашылығы министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеген болатын. Соның аясында 120 маман Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Оған бюджеттен ақша бөлінбейді. Себебі Қытай барлық шығынды өтеп беруге келісті. Бұған дейін екі апталық курстарға 30 маман барып келген. Осы жолы екінші топ жіберілді.
Олар су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бойынша оқытудан өтеді.
"Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - дейді вице-министр Нұрлан Алдамжаров.
Бұдан бөлек, Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары ұйымдастырылады. Биыл оған шамамен 1000 маман қатысады деген жоспар бар.
Айта кетері, бұған дейін министр Нұржан Нұржігітов мыңдаған жұмыскердің
жалақысы 50 процентке көтерілетінін мәлімдеді.