https://sputnik.kz/20250513/zhaandyq-sauda-qaqtygysy-aqsh-engizgen-tarif-alemge-qalay-aser-etedi---sarapshy-53499263.html
Жаһандық сауда қақтығысы: АҚШ енгізген тариф әлемге қалай әсер етеді - сарапшы
Жаһандық сауда қақтығысы: АҚШ енгізген тариф әлемге қалай әсер етеді - сарапшы
Sputnik Қазақстан
Дегенмен Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасында өзара тауар айналымы дамып келеді 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T16:23+0500
2025-05-13T16:23+0500
2025-05-14T09:09+0500
ақш санкциялары
тарифтер
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_2925919bb192417f961256540e52eada.jpg
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "ЕАЭО жаһандық сауда қақтығыстары жағдайында: сынақтар мен мүмкіндіктер" тақырыбында Астана - Бішкек - Минск телекөпірі өтті.Сарапшылардың пікірінше, жаһандық сауда қақтығысы қазіргі күні өзекті мәселе.Оның айтуынша, соңғы 67 жылда әлемдік сауда экономикасында негізгі принципке айналған әлемдік сауда ұйымының жұмысына кері әсер етеді."Әлемдік сауда ұйымына мүше бір де бір мемлекет АҚШ қойған жаңа тарифтік шектеу туралы әлемдік сауда ұйымына қатысты сотқа талап-арыз түсірген жоқ. Демек, бұл құзырлы органға әділдік үшін ешкім жүгінбейді. Арбитражды сот қазіргі таңда шешім шығаруға мүмкіндігі жоқ, шын мәнінде АҚШ президенті судьялардың кадрлық құрамын ауыстыру жолдарын бұғаттап тастаған", - дейді Станислав Притчин.Оның айтуынша, кедендік шектеулердің салдарынан Ресей бұл жайттан сырт қалды. Ал Қазақстанға келсек, жағдай мәз емес дейді сарапшы."Өткен жылы сауда айналымы 4 млрд доллар болған. Бірақ тауарлардың басым бөлігі кедендік кедергілерге ұшырады. Өйткені бұл тауарлар АҚШ экономикасы үшін стратегиялық тауарлар болды", - дейді Орталық Азия секторы меңгерушісі.Десе де, Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасында өзара тауар айналымы дамып келеді. Бұл әлемдік сауданың тұтқасын ұстайтын кейбір державаның шектеулеріне төтеп бере алады дейді Притчин.Айта кетейік, бүгін "Sputnik Қазақстан" медиа алаңында әлемдік сарапшылар бас қосып, жаһандық сауда қақтығысы туралы талқылады.
https://sputnik.kz/20250430/astanada-aqsh-tan-elge-kontrabandalyq-zholmen-esirtki-aldyrtqan-azamat-sottaldy-52993641.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258326_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_00718b12225d5d0b831459b22d568dbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш санкциялары, тарифтер, еаэо
ақш санкциялары, тарифтер, еаэо
Жаһандық сауда қақтығысы: АҚШ енгізген тариф әлемге қалай әсер етеді - сарапшы
16:23 13.05.2025 (жаңартылды: 09:09 14.05.2025) Дегенмен Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасында өзара тауар айналымы дамып келеді
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "ЕАЭО жаһандық сауда қақтығыстары жағдайында: сынақтар мен мүмкіндіктер" тақырыбында Астана - Бішкек - Минск телекөпірі өтті.
Сарапшылардың пікірінше, жаһандық сауда қақтығысы қазіргі күні өзекті мәселе.
"АҚШ президенті жақында барлық экономикалық серіктесіне жаңа тариф енгізетіні туралы айтты. Бұл мемлекеттің өз үлесі азаятынына қарамастан жалпы ішкі өнім бойынша негізгі держава болып қала береді. Сол себепті АҚШ-тың кез келген шешімі әлемдік саудаға әсер етеді. Екінші маңызды мәселе, бұл - саудадағы қазіргі жүйені түбегейлі өзгертеді. Бұл держава жаһандану және максималды либерализм сияқты әлемдік экономиканың дамуына нұқсан келтіреді", - дейді Ресей ғылым академиясы Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтының Орталық Азия секторы меңгерушісі Станислав Притчин.
Оның айтуынша, соңғы 67 жылда әлемдік сауда экономикасында негізгі принципке айналған әлемдік сауда ұйымының жұмысына кері әсер етеді.
"Әлемдік сауда ұйымына мүше бір де бір мемлекет АҚШ қойған жаңа тарифтік шектеу туралы әлемдік сауда ұйымына қатысты сотқа талап-арыз түсірген жоқ. Демек, бұл құзырлы органға әділдік үшін ешкім жүгінбейді. Арбитражды сот қазіргі таңда шешім шығаруға мүмкіндігі жоқ, шын мәнінде АҚШ президенті судьялардың кадрлық құрамын ауыстыру жолдарын бұғаттап тастаған", - дейді Станислав Притчин.
Оның айтуынша, кедендік шектеулердің салдарынан Ресей бұл жайттан сырт қалды. Ал Қазақстанға келсек, жағдай мәз емес дейді сарапшы.
"Өткен жылы сауда айналымы 4 млрд доллар болған. Бірақ тауарлардың басым бөлігі кедендік кедергілерге ұшырады. Өйткені бұл тауарлар АҚШ экономикасы үшін стратегиялық тауарлар болды", - дейді Орталық Азия секторы меңгерушісі.
Десе де, Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасында өзара тауар айналымы дамып келеді. Бұл әлемдік сауданың тұтқасын ұстайтын кейбір державаның шектеулеріне төтеп бере алады дейді Притчин.
Айта кетейік, бүгін "Sputnik Қазақстан" медиа алаңында әлемдік сарапшылар бас қосып, жаһандық сауда қақтығысы туралы талқылады.