"Зауыттың өзінде қант 350 теңге тұрады": министр алыпсатарларға ескерту жасады

© Photo : СС0 / Doris JungoҚант-рафинад
Қант-рафинад - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қанттың бағасына бақылауда ұстауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналған болатын. Соның арқасында қант өндіру көлемі өсті.
"Биыл біз 128 мың тонна қант өндірдік. Қазір 30-40 проценті сатылған шығар. Ал қалғаны қоймаларда жатыр, бәріне жетеді. Дегенмен бағаны бақылап отыру керек. Осы жайында сауда министрімен де сөйлестік. Бүгінде жұмыс тобы бар. Бағаны бақылауда ұстайтын боламыз", - деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, бағаны алыпсатарлар көтереді. Ал зауыттың өзінен қанттың бір келісі 350-380 теңгеге сатылады.
"Менде статистика бар. Оған сәйкес, дүкендерде қант 400-420 теңгеден сатылады. Бұл – республика бойынша орташа бағаның көрсеткіші. Біз қанттың бағасын тағы қараймыз. Шекті баға бар, оған қосылатын үстеме бар. Оның мөлшері 15 проценттен аспауы қажет. Одан асып кетсе, сауда орындарына айыппұл салатын болмамыз", - деді министр.
Айта кетері, бүгін Айдарбек Сапаров картоп бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолға алынғанын да айтты.
Қант рафинад - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
"Qazaq Arab Sugar" Қазақстанда қант зауытын салады
Жаңалықтар
0