Мәдениет

Қазақстан мен Татарстан бірлесіп түсірген "Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады

© Photo : Государственный центр поддержки национального кино"Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады
Тарлан фильмі 15 мамырда прокатқа шығады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
Фильм халықаралық фестивальдарда топ жарған
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Татарстан киностудиялары бірлесіп түсірген 15 мамырда "Тарлан" фильмі прокатқа шығады, деп хабарлады Ұлттық киноны мемлекеттік орталығы.
© Photo : Государственный центр поддержки национального кино"Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады
Кадры из фильма Тарлан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
"Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады
Кинокартинаның режиссері – Юлия Захарова. Фильм – қазақстандық "Almapictures" және татарстандық "Татаркино" киностудияларының бірлескен жобасы.
© Photo : Государственный центр поддержки национального кино"Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады
Кадры из фильма Тарлан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
"Тарлан" фильмі 15 мамырда прокатқа шығады
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали бұл фильмді халықаралық бірлескен жобаның табысты үлгісі ретінде атап өтті.
"Кино орталығының басты бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастық аясында отандық кинематографияны дамыту. Бұл – шетелдік актерлерді тарту және фильмдерімізді өзге елдерде насихаттау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, актерлердің біліктілігін арттыру, фильмдерді ілгерілету мүмкіндігін арттырады. Әрбір конкурста біз бірлескен жобаларға ерекше мән беретініміз сондықтан, өйткені ол жаңа көкжиектерді ашады", – деді Жұмағали.
Сюжет татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың "Алмачуар" атты әңгімесіне негізделген. Бұл – Зәкір есімді баланың және оның Тарлан есімді тұлпарының арасындағы достық жайлы жүрек тебірентерлік хикая.
Туынды баланың ер жетуі, жалғыздықпен күрес және ішкі рух тақырыбын баяндайды. Бала жануардан шынайылықты, адалдықты және түсіністікті табады.
Жаңалықтар
0