https://sputnik.kz/20250513/petropavlda-er-adam-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-53488727.html
Петропавлда ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Петропавлда ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Ол бірге тұратын әйелді, оның кішкентай қызын және өзінің інісін өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T12:01+0500
2025-05-13T12:01+0500
2025-05-13T12:02+0500
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Петропавлда үш адамды қасақана өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.Алқабилер соты петропавлдық 25 жастағы ер адамды үш адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол бірге тұратын әйелді, оның кішкентай қызын және өзінің інісін өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.Қылмыс 2023 жылы қыркүйекте болған.Прокурорлардың айтуынша, ер адам кісі өлтіруді жасыру үшін үйді әдейі өртеген.Былтыр шілдеде алқабилер соты ақтау үкімін шығарған. Алайда кейінірек кейбір алқабилердің туыстарының соттылығы бар екендігі анықталып, іс қайта қарауға жіберілді."Сот айыптау үкімін шығарды. Қазылар алқасы айыпталушыны кінәлі деп тапты. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының үкімге шағымдануына 15 күн бар", - деді сот.
https://sputnik.kz/20250228/zhetisu-oblysynda-buryngy-sheneunik-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-51240872.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
Петропавлда ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
12:01 13.05.2025 (жаңартылды: 12:02 13.05.2025) Ол бірге тұратын әйелді, оның кішкентай қызын және өзінің інісін өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген
АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Петропавлда үш адамды қасақана өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Алқабилер соты петропавлдық 25 жастағы ер адамды үш адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол бірге тұратын әйелді, оның кішкентай қызын және өзінің інісін өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.
Қылмыс 2023 жылы қыркүйекте болған.
"Сотталушы жеке үйдегі өрттен тірі қалған жалғыз адам. Кейінірек тергеу барысында екі баланың өртке дейін, ал 20 жастағы әйел уланып қайтыс болғаны анықталды. Сарапшылар бұл тұжырымды денелерді эксгумациялаудан және қайта тексеруден кейін жасады", - дейді ведомство.
Прокурорлардың айтуынша, ер адам кісі өлтіруді жасыру үшін үйді әдейі өртеген.
Былтыр шілдеде алқабилер соты ақтау үкімін шығарған. Алайда кейінірек кейбір алқабилердің туыстарының соттылығы бар екендігі анықталып, іс қайта қарауға жіберілді.
"Сот айыптау үкімін шығарды. Қазылар алқасы айыпталушыны кінәлі деп тапты. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының үкімге шағымдануына 15 күн бар", - деді сот.