https://sputnik.kz/20250513/astana-turgyny-17-mln-tengege-vetnamga-zhalgan-aue-biletterin-satqan-53484134.html
Астана тұрғыны 17 млн теңгеге Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан
Астана тұрғыны 17 млн теңгеге Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан
Sputnik Қазақстан
Алаяқ әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынған 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T11:10+0500
2025-05-13T11:10+0500
2025-05-13T11:10+0500
алаяқ
астана
туристер
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.Әйелдің алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек әуе билеттеріне ғана емес, қонақ үй, экскурсия, басқа да туристік қызметтерге шығындалған. Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Прокуратура азаматтарға туристік қызметтерге төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттігін ескертеді.
https://sputnik.kz/20250403/zhoq-zhiazdy-satqan-alayaq-sottaldy---52181588.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, астана, туристер
Астана тұрғыны 17 млн теңгеге Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан
Алаяқ әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынған
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Әйелдің алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған.
"Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағы бағадан төмен ұсынып, тұтынушыларға арнайы каналдар арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда алаяқ шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттерге тапсырыс болмағанын әуежайда ұшар алдында бір-ақ біледі. Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар", - делінген хабарламада.
Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек әуе билеттеріне ғана емес, қонақ үй, экскурсия, басқа да туристік қызметтерге шығындалған.
Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Прокуратура азаматтарға туристік қызметтерге төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттігін ескертеді.