https://sputnik.kz/20250513/astana-auezhayyn-damytuga-1-mlrd-dollar-investitsiya-salynady-53497291.html
Астана әуежайын дамытуға 1 млрд доллар инвестиция салынады
Астана әуежайын дамытуға 1 млрд доллар инвестиция салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астана әуежайын дамытуға 1,1 миллиард доллар инвестиция салынады. 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T14:26+0500
2025-05-13T14:26+0500
2025-05-13T14:26+0500
әуежай
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53493733_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0f7ef92b1026f847dd8ad7ecaaca85b0.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астана әуежайын дамытуға 1,1 миллиард доллар инвестиция салынады.Ұзақ мерзімді инвестициялық келісімге 12 мамырда Ақордада Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның сапары кезінде қол қойылды. Құжат Қазақстан көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited (Terminals holding, БАӘ құрамына кіреді) компаниясы арасында жасалған.Бүгін Қазақстан көлік министрлігі толық мәлімет берді.Бұдан басқа, инвестор арнайы техника паркін жаңғыртады, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізеді, сондай-ақ әуежай персоналын кезең-кезеңімен оқытып, біліктілігін арттыртады. Барлық қызметкер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес сертификатталған тренингтерден өтеді, деп атап өтті министрлік.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53493733_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_56eb30fa361dcf960dd932f6df85b18c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, астана
Астана әуежайын дамытуға 1 млрд доллар инвестиция салынады
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астана әуежайын дамытуға 1,1 миллиард доллар инвестиция салынады.
Ұзақ мерзімді инвестициялық келісімге 12 мамырда Ақордада Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның сапары кезінде қол қойылды. Құжат Қазақстан көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited (Terminals holding, БАӘ құрамына кіреді) компаниясы арасында жасалған.
Бүгін Қазақстан көлік министрлігі толық мәлімет берді.
"Келісімді іске асыру шеңберінде инвестор екінші ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ), үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерді ауыстырып тиеуге арналған Cargo терминалын салады. Сондай-ақ инвестор индустриялық - логистикалық аймақ пен қонақ үйлер, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды кешен-аэротрополисті дамытуды жоспарлап отыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан басқа, инвестор арнайы техника паркін жаңғыртады, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізеді, сондай-ақ әуежай персоналын кезең-кезеңімен оқытып, біліктілігін арттыртады. Барлық қызметкер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес сертификатталған тренингтерден өтеді, деп атап өтті министрлік.