Экономика

Төрт айда жалпы ішкі өнім 6%-ке өсті

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Түркістан облысында жалпы ішкі өнім жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%-ке өсті
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Биылғы төрт айда жалпы ішкі өнім өсімі 6%-ті құрады. Экономиканың негізгі салалары: көлік (22,4%), сауда (7%) қарқыны дамыған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өсімдік ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді. Әсіресе Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстары жоғары динамика көрсетті.
Ал құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2% болған.
Сауда саласы тұрақты түрде 7%, көтерме сауда көрсеткіші 7,4%, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ке дейін өсті.
"Түркістан облысында жалпы ішкі өнім жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%-ке өсті. Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%, ал Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті метал сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ке жоғары өсімді көрсетті", - деп жазды ведомство.
Сондай-ақ тау-кен секторында, өңдеу өнеркәсібінде де көрсеткіш артқан. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9% болды.
ШОС, ОДКБ, СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Қазақстан ЖІӨ өсімі бойынша Орталық Азия және ТМД елдері арасында көш бастап тұр
Жаңалықтар
0