Төрт айда 3,5 тоннаға жуық есірткі тәркіленді – ІІМ

© Photo : КНБ КазахстанаМеждународный канал поставки синтетических наркотиков пресек КНБ в Астане и Алматы
Международный канал поставки синтетических наркотиков пресек КНБ в Астане и Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 4 айда шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Төрт айда үш мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді: 259 кг синтетика, екі тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш. 83 есірткі зертханасы жойылды. Алты тоннаға жуық прекурсор тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Оның айтуынша 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз контент салған 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды.
Халықаралық есірткі арнасы жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Халықаралық есірткі арнасы жойылды
Жаңалықтар
0