Таныстары видеоға түсіріп тұрған: Жетісу облысында 36 жастағы ер адам суға ағып кетті

© Photo : ДЧС ВКОАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Ол өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Көксу ауылының маңында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған 36 жастағы ер адам суға ағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 10 мамырда болған. Күшін сынап көрмек болған жігітті таныстары бейнежазбаға түсіріп тұрған.
"Ол Көксу өзеніне құлап кетіп, қатты ағыс ағызып әкеткен. 11 мамыр таңғы сағат 06:30-дан бастап ТЖД, орман күзеті, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерін тарта отырып, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды", - дейді ведомство.
Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, оның ішінде жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс жұмылдырылған. Олар Көксу өзенінің екі жағалауында ұзындығы 35 км-ге дейінгі учаскеде 8 топ болып іздеу жүргізген. Алайда ер адам әлі табылмады.
Автомобиль упал с обрыва в реку - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Семейде суға батқан көліктің жолаушыларын іздеу жалғасып жатыр – ТЖМ
Жаңалықтар
0