https://sputnik.kz/20250512/semeyde-transulttyq-toptyn-3-mushesi-sottaldy--beseuine-izdeu-zhariyalandy-53465501.html
Семейде трансұлттық топтың 3 мүшесі сотталды – бесеуіне іздеу жарияланды
Семейде трансұлттық топтың 3 мүшесі сотталды – бесеуіне іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
Олар 9 млн қорап темекіні заңсыз сатқан 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T14:35+0500
2025-05-12T14:35+0500
2025-05-12T14:35+0500
семей
темекі
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың 3 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Тергеу барысында 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматы бар қылмыстық топ анықталды. Олар Қырғызстаннан жалған құжаттар арқылы 9,3 млн қорап темекіні заңсыз кіргізген. Ол Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған.Сонымен қатар 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын "777" VIP автонөмірі тәркіленді."Сот үкімімен үш айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 264-бабы 2-бөлігі "Трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу", 214-бабының 2-бөлігі 1) және 3) тармақтары "Заңсыз кәсіпкерлік" бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және 166 млн теңге тұратын барлық тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне алынды", - дейді агенттік.Қалған 5 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Олардың бірі Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы өтініш тиісті органдарға жолданған.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, темекі
Семейде трансұлттық топтың 3 мүшесі сотталды – бесеуіне іздеу жарияланды
Олар 9 млн қорап темекіні заңсыз сатқан
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың 3 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу барысында 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматы бар қылмыстық топ анықталды. Олар Қырғызстаннан жалған құжаттар арқылы 9,3 млн қорап темекіні заңсыз кіргізген. Ол Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған.
"Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңге болды. Мүлікті тәркілеу кезінде 9 автокөлік пен жеке тұрғын үйге тыйым салынды", - дейді ведомство.
Сонымен қатар 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын "777" VIP автонөмірі тәркіленді.
"Сот үкімімен үш айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 264-бабы 2-бөлігі "Трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу", 214-бабының 2-бөлігі 1) және 3) тармақтары "Заңсыз кәсіпкерлік" бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және 166 млн теңге тұратын барлық тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне алынды", - дейді агенттік.
Қалған 5 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Олардың бірі Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы өтініш тиісті органдарға жолданған.