https://sputnik.kz/20250512/nazarbaev-universitetin-qarzhylandyru-mekhanizmi-ozgeredi-53471982.html
Назарбаев университетін қаржыландыру механизмі өзгереді
Назарбаев университетін қаржыландыру механизмі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T16:46+0500
2025-05-12T16:46+0500
2025-05-12T16:46+0500
жоғары аудиторлық палата
назарбаев университет
https://sputnik.kz/img/523/55/5235530_0:29:2016:1163_1920x0_80_0_0_8d174d7bd92f91cf8c32b42fdfa49093.jpg
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бірқатар ұйымды қаржыландру механизмі өзгереді, деп хабарлайды Жоғары аудиторлық палата.Бұл ұйымдардың қатарында "Назарбаев университеті" және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы бар.Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (ШҚЕ) мемлекеттік аудит жүргізілген.Жоғары аудиторлық палата үкіметке қаржыландыру тәсілін өзгерту туралы ұсынды, өйткені қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді және қаражатты жұмсауда ашықтық жоқ.Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды. Оның орнына заңды тұлғаларға берілетін трансферттер енгізіледі.Үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда ғана трансферттер бөлінеді.Ал пайдаланылмаған қаражат бюджетке қайтарылады, бұл заңда көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда.
https://sputnik.kz/20241211/nazarbaev-universiteti-zhogargy-audittin-synyna-zhauap-berdi-49224234.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/523/55/5235530_116:0:1911:1346_1920x0_80_0_0_4fb0737f790f6851e492fccad4e27ddd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоғары аудиторлық палата, назарбаев университет
жоғары аудиторлық палата, назарбаев университет
Назарбаев университетін қаржыландыру механизмі өзгереді
Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бірқатар ұйымды қаржыландру механизмі өзгереді, деп хабарлайды Жоғары аудиторлық палата.
Бұл ұйымдардың қатарында "Назарбаев университеті" және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы бар.
Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (ШҚЕ) мемлекеттік аудит жүргізілген.
"Аудиторлар мемлекеттік мекемеге жатпайтын ұйымдарды нысаналы салымдар мен нысаналы аударымдардың көмегімен қаржыландыру мемлекет активтерінің сапасы мен дұрыстығына теріс әсер ететіні анықталды. Осындай механизмдер арқылы жыл сайын "Назарбаев университеті" және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және басқа да бірқатар ұйым қаржыландырылады", - дейді ведомстводағылар.
Жоғары аудиторлық палата үкіметке қаржыландыру тәсілін өзгерту туралы ұсынды, өйткені қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді және қаражатты жұмсауда ашықтық жоқ.
Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды. Оның орнына заңды тұлғаларға берілетін трансферттер енгізіледі.
Үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда ғана трансферттер бөлінеді.
Ал пайдаланылмаған қаражат бюджетке қайтарылады, бұл заңда көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда.