https://sputnik.kz/20250512/endi-ata-anasyz-qalgan-balaga-talimger-bolatyndar-mindetti-turde-sertifikat-aluy-kerek-53457140.html
Енді ата-анасыз қалған балаға тәлімгер болатындар міндетті түрде сертификат алуы керек
Енді ата-анасыз қалған балаға тәлімгер болатындар міндетті түрде сертификат алуы керек
Sputnik Қазақстан
Екі апталық оқу курсын аяқтағаннан кейін тәлімгерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T11:00+0500
2025-05-12T11:00+0500
2025-05-12T11:00+0500
жетім балалар
ата-ана
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_0:87:1281:807_1920x0_80_0_0_5bc60ef90f1b2be1dfc568cedeb316f8.jpg
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі 30 сәуірде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты жаңа бұйрық шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұдан былай мұндай балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар міндетті түрде сертификат алуы керек, яғни екі апта курс оқиды.Оқытуды тәлімгерлікпен айналысатын ұйымдар жүргізеді. Кандидаттар жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсырады. Оқу ұзақтығы екі аптадан аспайды. Курсты аяқтаған соң тестілеу өткізіледі, оны сәтті тапсырған азаматтарға сертификат беріледі.Тәлімгер болуға үміткер Қазақстанның кәмелетке толған азаматы болуға, қорғаншылар мен қамқоршыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс. Тәлімгерлік қызмет ақысыз түрде жүзеге асырылады және 10 жастан асқан, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.Еске салсақ, Қазақстанда тәлімгерлік институты 2024 жылы енгізілді. Оның мақсаты — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау көрсету. Бұл механизм тәрбиеленушілерді өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_43:0:1180:853_1920x0_80_0_0_a346976c6cb3bc06b0c950969bb19d9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетім балалар, ата-ана
Енді ата-анасыз қалған балаға тәлімгер болатындар міндетті түрде сертификат алуы керек
Екі апталық оқу курсын аяқтағаннан кейін тәлімгерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі 30 сәуірде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты жаңа бұйрық шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан былай мұндай балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтар міндетті түрде сертификат алуы керек, яғни екі апта курс оқиды.
Оқытуды тәлімгерлікпен айналысатын ұйымдар жүргізеді. Кандидаттар жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсырады. Оқу ұзақтығы екі аптадан аспайды. Курсты аяқтаған соң тестілеу өткізіледі, оны сәтті тапсырған азаматтарға сертификат беріледі.
"Тәлімгерлерді міндетті сертификаттау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Дайындықтан өткен тәлімгерлер балалардың әлеуметтенуіне және ересек өмірге дайындығына тиімді көмектесе алады деп сенеміз", — дейді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Тәлімгер болуға үміткер Қазақстанның кәмелетке толған азаматы болуға, қорғаншылар мен қамқоршыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс. Тәлімгерлік қызмет ақысыз түрде жүзеге асырылады және 10 жастан асқан, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Еске салсақ, Қазақстанда тәлімгерлік институты 2024 жылы енгізілді. Оның мақсаты — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау көрсету. Бұл механизм тәрбиеленушілерді өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал етеді.