Атырауда екі жасөспірімді қатарластары аяусыз соққыға жыққан

CC0 / Wokandapix / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Балаларды ұрып соққандардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінде 2 жасөспірімді жоғары сынып оқушылары ұрып-соққан. Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растады.
Полицияның айтуынша, балаларды ұрып соққандардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, оларға қатысты іс-құжаттар кәмелкетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады, дейді полициядағылар.
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Теміртауда жедел жәрдем қызметкері әріптесін соққыға жықты
Жаңалықтар
0