https://sputnik.kz/20250512/almatyda-buu-eriktiler-qozgalysynyn-ortalyq-aziyadagy-onirlik-kensesi-ashylady-53475833.html
Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады
Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар БҰҰ, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың бастамаларына белсенді атсалысып жүр 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T20:09+0500
2025-05-12T20:09+0500
2025-05-12T20:27+0500
бұұ
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53475347_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_29b87b15ddf9a91588449a819cd3424e.jpg
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Астанада Халықаралық еріктілер жылына дайындық және өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.Отырыста Алматы қаласында БҰҰ Еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы субөңірлік кеңсесі ашылатыны жария етілді.Аталған жиынға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жиын барысында еліміздегі волонтерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен отандастарымыздың жетістіктері жөнінде баяндады. Ол қазақстандықтар әлемнің түкпір-түкпірінде еріктілік жобаларға, соның ішінде БҰҰ, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың бастамаларына белсенді атсалысып жатқанын айтты.Ұлттық ұйымдастыру комитетінің отырысында волонтерлер қозғалысын дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалар мен алдағы іс-шаралар талқыланды. Спикерлер сонымен қатар Еріктілер жылына дайындық барысы туралы айтып, жаңа жобаларға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
https://sputnik.kz/20250401/qytay-syrtqy-ister-ministri-buu-nyn-bedeli-men-martebesin-qoldauga-shaqyrdy-52116723.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53475347_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_29d9c58b59f865897e0143a288e98c4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, министрлік
Алматыда БҰҰ еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ашылады
20:09 12.05.2025 (жаңартылды: 20:27 12.05.2025) Қазақстандықтар БҰҰ, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың бастамаларына белсенді атсалысып жүр
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Астанада Халықаралық еріктілер жылына дайындық және өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады
мәдениет және ақпарат министрлігі.
Отырыста Алматы қаласында БҰҰ Еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы субөңірлік кеңсесі ашылатыны жария етілді.
"Бүгін Қазақстан – БҰҰ еріктілер бағдарламасына қатысушы ел ретінде өз позициясын нықтап, келешекте басқа мемлекеттермен жұмыс барысында біз Қазақстанның оң тәжірибесін үлгі ретінде келтіретін боламыз", – деді БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов.
Аталған жиынға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жиын барысында еліміздегі волонтерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен отандастарымыздың жетістіктері жөнінде баяндады. Ол қазақстандықтар әлемнің түкпір-түкпірінде еріктілік жобаларға, соның ішінде БҰҰ, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың бастамаларына белсенді атсалысып жатқанын айтты.
"Қазақстан Үкіметінің қолдауымен 2020–2023 жылдар аралығында тоғыз отандасымыз БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында волонтер ретінде қызмет атқарды. 2024 жылы жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның Кения, Таиланд және Түркиядағы агенттіктеріне жіберілді", – деді Аида Балаева.
Ұлттық ұйымдастыру комитетінің отырысында волонтерлер қозғалысын дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалар мен алдағы іс-шаралар талқыланды. Спикерлер сонымен қатар Еріктілер жылына дайындық барысы туралы айтып, жаңа жобаларға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.