Алматыда банктен ақша ұрламақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуКвартирная кража
Квартирная кража - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болған
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда полиция екінші деңгейлі банк бөлімшесінен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс түнде жасалған.
"Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныны сындыра алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті ұсталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0