Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы қайта ашылады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Ұшулар бұрынғы кесте бойынша орындалады
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы жанданады, деп хабарлайды Air Astana.
"Әуе компаниясы 19 мамырдан бастап "Алматы – Дели – Алматы" бағытындағы KC 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта іске қосады", - деп хабарлады компаниядағылар.
Сондай-ақ 14 мамырдан бастап "Алматы – Мумбай – Алматы" бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыт бойынша орындалады.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Қазақстан мен Грузия әуе қатынасы: тікелей рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады
Жаңалықтар
0