Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

© Photo : ҚР ТЖМАтырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндіру депосы модульдік технологиямен қысқа мерзімде салынды. Нысан заманауи техникамен, байланыс құралдарымен және жедел ден қоюға арналған қажетті барлық заттармен: өрт сөндіру машиналарына арналған ангармен, кезекші персоналға арналған үй-жайлармен, ас үймен және демалыс аймақтарымен толық жабдықталған.
© Photo : ҚР ТЖМАтырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Салтанатты рәсімге төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.
Шыңғыс Әрінов тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтар үшін қауіпсіздік жүйесіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
"Бүгінде ауыл тұрғындарының қала тұрғындары сияқты қорғалғанын сезінуі маңызды. Президенттің қолдауы мен жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында біз еліміздің түкпір- түкпірінде өртке қарсы қауіпсіздіктің бірыңғай және тұрақты жүйесін құрып жатырмыз", — деп атап өтті министр.
Жаңа бөлімше 14 мыңға жуық адам тұратын Құрманғазы ауданының 8 елді мекенін қамтиды. Әрекет ету радиусы 30 шақырым — бұл өрт сөндірушілердің оқиға орнына келу уақытын едәуір жылдамдатады және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Бүгінгі таңда Атырау облысында 14 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.
© Photo : ҚР ТЖМАтырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Жаңалықтар
0