25 рет шақырту түсті: Шымкентте жылан қаптап жатыр

© AP Photo / Gerald HerbertЛуизианская сосновая змея принимает позу, защищающую ее от хищников, во время выпуска около 100 луизианских сосновых змей, которые являются исчезающим видом, в Национальном лесу Кисатчи, штат Луизиана, США
Луизианская сосновая змея принимает позу, защищающую ее от хищников, во время выпуска около 100 луизианских сосновых змей, которые являются исчезающим видом, в Национальном лесу Кисатчи, штат Луизиана, США - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 мамыр - Sputnik. Шымкентте жыл басынан бері жыланның кіруіне байланысты құтқарушыларға 25 рет шақырту түскен, деп хабарлайды Otyrar.kz.
"Егер жылан табылса, адамдарды үй-жайдан шығарып, құлыптап, құтқарушыларды шақыру керек. Біз жыланды ұстап алып, оны елді мекендерден аластатамыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД азаматтық құтқару бөлімшесінің басшысы Рахымжан Бекенбаев.
Көбінесе шымкенттіктер жыланның улы емес түрлерімен кездеседі. Жалпы бұл аймақта жылан көп. Биыл жыланнан бір бала зардап шегіп, ауруханаға түскен. Жылан шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек. Өйткені адам өміріне қауіп төнеді.
"Біздің орталықта жылан шаққанға арналған вакцина бар, біз шұғыл түрде екпе жасаймыз. Егер уақтылы көмекке жүгінбесеңіз, өлімге әкелетін жағдай болуы мүмкін", - дейді гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.
Сарапшылар жылан адамға сирек шабуыл жасайды дейді. Адам оларға өзі тиіспесе қауіп төндірмейді. Сондықтан жыланды көріп қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықта абайлап әрекет етіңіз.
Рука пациента из палаты интенсивной терапии больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала қайтыс болды
Жаңалықтар
0