Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңіске 80 жыл: парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер Мәскеуден оралды

Парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер Мәскеуден оралды
Парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер Мәскеуден оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Әскерилер мінген ұшақ Талдықорған қаласына қонды
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеудегі парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер елге оралды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы десанттық-шабуылдау әскерінің 37-ші бригадасынан 80 әскери қызметшісі Ресей астанасына аттанған болатын.
Әскерилер ұшақпен Талдықорған қаласына оралды.

"Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын", - дейді аға лейтенант Ерзат Қосын.

9 мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.
Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан қазақстандық әскери қызметшілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
Жаңалықтар
0