Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина СІМ 30 күнге атысты толық тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді

© AP Photo / Michal DyjukӘскерилер
Әскерилер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Министр атысты 30 күндік тоқтату сақталса, бұл бейбіт келіссөздерге жол ашатынын баса айтты
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига сенбі күнгі "ниеттестер коалициясы" отырысының қорытындысы бойынша Киев пен оның одақтастары дүйсенбіден бастап атысты кемінде 30 күнге толық және сөзсіз тоқтатуға дайын екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Сенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания мен Польшаның премьер-министрлері Кир Стармер мен Дональд Туск "ниеттестер коалициясы" деп аталатын ұйымның отырысына қатысу үшін Киевке барды.
"Украина мен оның одақтастары дүйсенбіден бастап атысты кем дегенде 30 күндік мерзімге құрлықта, әуеде және теңізде толық және сөзсіз тоқтатуға дайын", - деп жазды Сибига Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ол сондай-ақ "коалиция" отырысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушы Владимир Зеленскиймен бірге АҚШ президенті Дональд Трамппен украин қақтығысын бейбіт жолмен реттеу бойынша телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
Сибига сонымен қатар атысты 30 күндік тоқтату сақталса, бұл бейбіт келіссөздерге жол ашатынын баса айтты.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей мен Украинаға қатысты жақсы талқылау болғанын айтты
Жаңалықтар
0