Семейде жаңа саябақтар салынады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы саябақ
Алматыдағы саябақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Демалыс орнының жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады, деп хабарлады облыстық әкімдік.
"Юность" шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған. Демалыс орнының жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды.
Қарағайлы шағын ауданында салынатын саябақта жасыл желек отырғызылып, серуен жолдары, сахна және мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар бой көтеретін болады.Саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

"Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін шаһардағы саябақтар санын көбейтуіміз керек. Тек қана бүгінгі сенбілік барысында шаһарда 400-ге жуық шырша, көк терек көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмысты жандандырамыз. Облыс орталығындағы басқа саябақтарды да жаңғыртып, жаңартатын боламыз" – деді аймақ басшысы Берік Уәли.

Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне құрылысты бастап, сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Алкогольді ішімдік - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Семейде ер адам түрмеге 5 литр алкоголь алып кірмек болған
Жаңалықтар
0