Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматы облысында "Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон-бәйгесі басталды

© Photo : "JORYQ" ат спорты федерациясының баспасөз қызметіАлматы облысында "Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон-бәйгесі басталды
Алматы облысында Ұлы дала жорығы халықаралық марафон-бәйгесі басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Командалар алдағы бес күнде 500 шақырымды еңсеріп, төзім мен шеберлікті сынайды
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Алматы облысындаҰлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады "JORYQ" ат спорты федерациясының баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім Бақанас тасжолының бойында ұйымдастырылып, ресми қонақтардың көрмені аралауынан басталды. Одан кейін көпшілік Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды үнсіз еске алды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде бұл бәйгенің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі маңызына тоқталып, атқа міну мәдениеті қазақ халқының болмысын танытатын құндылық екенін атап өтті.
"Ұлы дала жорығы" – бұл тек жарыс емес, ол – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, ұлттық мұрамызды жаңғыртатын үлкен алаң. Бұл бәйге арқылы біз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, ел мен ел, жер мен жер арасындағы байланысты нығайтамыз, – деді облыс әкімі.
Биылғы марафонға еліміздің 13 өңірінен және 6 шет мемлекеттің (Оңтүстік Африка, Қырғызстан, Мажарстан, Иран, Ресей Федерациясы, (Татарстан) өкілдерінен құралған командалар қатысып жатыр. Олар алдағы бес күнде 500 шақырымды еңсеріп, төзім мен шеберлікті сынайды.
Жаңалықтар
0