Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Польшадан экстрадицияланды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Ол он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.
"Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді", - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.
Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0