https://sputnik.kz/20250509/turkicskills-2025-aqtauda-tungysh-kasibi-sheberlik-chempionaty-otedi-53419325.html
TurkicSkills-2025: Ақтауда тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
TurkicSkills-2025: Ақтауда тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Sputnik Қазақстан
Чемпионатқа 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде 09.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-09T19:25+0500
2025-05-09T19:25+0500
2025-05-09T19:25+0500
министрлік
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52601845_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_d5e6563703727cc27605194df73cf55a.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде.Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Әсіресе мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.Бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама, дейді министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20240203/digital-almaty-2024-ministr-kubogi-ushin--robototekhnikadan-chempionat-bastaldy-42028531.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52601845_94:0:1186:819_1920x0_80_0_0_307d1f8832a116ac57eedd659224c983.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ақтау
TurkicSkills-2025: Ақтауда тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Чемпионатқа 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде.
"Қатысушы елдер қатарында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар", - деп жазылған хабарламада.
Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Әсіресе мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама, дейді министрліктегілер.