https://sputnik.kz/20250509/putin-odaqtastardyn-zheniske-qosqan-ulesin-zhogary-bagalady-53375746.html
Путин одақтастардың Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалады
Путин одақтастардың Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
Ол бұл туралы Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп жатқан әскери парадта айтты 09.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-09T12:45+0500
2025-05-09T12:45+0500
2025-05-09T13:08+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53374179_0:0:3174:1785_1920x0_80_0_0_0306dbf3617c57ba717834e390805013.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресей өзінің одақтастарының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты."Кеңес Одағы аумағындағы шешуші шайқастардан кейін Еуропада Екінші майданның ашылуы жеңісті жақындатқаны әрқашан жадымызда. Біз одақтас армиялар жауынгерлерінің, қайсар Қытай халқының, бейбіт болашақ үшін күрескен барша адамның ортақ күресімізге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз", - деді Владимир Путин Қызыл алаңда өтіп жатқан Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған парадта.Кеңес жауынгерлерінің ерлігі Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін анықтады, деп мәлімдеді Ресей президенті."Кеңес Одағы жаудың ең қатал, аяусыз соққыларын өзіне қабылдады. Бейбіт еңбекті ғана білетін миллиондаған адам қолына қару алып, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін анықтады", - деді Путин.Ол сондай-ақ Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан сабақ алғанын атап өтті."Біз Екінші дүниежүзілік соғыстың сабағын есімізде сақтаймыз және оны бұрмалаумен, жендеттерді ақтаумен және шынайы жеңімпаздарға жала жабумен ешқашан келіспейміз", - деді путин Жеңіс парадында.Сондай-ақ ол Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады."Нацистердің Кеңес Одағын басып алу жоспары тас-талқан болды. Халық ерлік жасады, барлық республика соғыстың ортақ ауыр жүгін арқалады", - деді Путин.Қызыл алаңда өткен әскери парадта Владимир Путинмен бірге шет мемлекеттерден келген 29 делегация басшысы болды.
https://sputnik.kz/20250509/toqaevty-resey-prezidenti-kremlde-qarsy-aldy-53370193.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53374179_443:0:3174:2048_1920x0_80_0_0_9f2532918799bb35bfd0f02466c70e87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Путин одақтастардың Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалады
12:45 09.05.2025 (жаңартылды: 13:08 09.05.2025) Ол бұл туралы Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп жатқан әскери парадта айтты
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресей өзінің одақтастарының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
"Кеңес Одағы аумағындағы шешуші шайқастардан кейін Еуропада Екінші майданның ашылуы жеңісті жақындатқаны әрқашан жадымызда. Біз одақтас армиялар жауынгерлерінің, қайсар Қытай халқының, бейбіт болашақ үшін күрескен барша адамның ортақ күресімізге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз", - деді Владимир Путин Қызыл алаңда өтіп жатқан Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған парадта.
Кеңес жауынгерлерінің ерлігі Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін анықтады, деп мәлімдеді Ресей президенті.
"Кеңес Одағы жаудың ең қатал, аяусыз соққыларын өзіне қабылдады. Бейбіт еңбекті ғана білетін миллиондаған адам қолына қару алып, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін анықтады", - деді Путин.
Ол сондай-ақ Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан сабақ алғанын атап өтті.
"Біз Екінші дүниежүзілік соғыстың сабағын есімізде сақтаймыз және оны бұрмалаумен, жендеттерді ақтаумен және шынайы жеңімпаздарға жала жабумен ешқашан келіспейміз", - деді путин Жеңіс парадында.
Сондай-ақ ол Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.
"Нацистердің Кеңес Одағын басып алу жоспары тас-талқан болды. Халық ерлік жасады, барлық республика соғыстың ортақ ауыр жүгін арқалады", - деді Путин.
Қызыл алаңда өткен әскери парадта Владимир Путинмен бірге шет мемлекеттерден келген 29 делегация басшысы болды.