https://sputnik.kz/20250509/mangystauda-zhenis-kuni-atalyp-otti-53409773.html
Маңғыстауда Жеңіс күні аталып өтті
Маңғыстауда Жеңіс күні аталып өтті
Sputnik Қазақстан
Өңірде екі соғыс ардагері Жеңіс күнін қарсы алды 09.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-09T17:58+0500
2025-05-09T17:58+0500
2025-05-09T18:03+0500
жеңістің 80 жылдығы
маңғыстау облысы
9 мамыр – жеңіс күні
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53410220_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_094fe12cb3ce00151ca539a0a917ef58.jpg
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Маңғыстау облысында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде тойланды. Ақтауда 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара "Мәңгілік алау" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен бірге ескерткішке тағзым етіп, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға тыл және еңбек ардагерлері, ақсақалдар, облыс, қала мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттегі "Жеңіс" саябағында Жеңіс күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Жиналғандар әскери мұражайды аралап, сарбаздар ботқасынан дәм татты.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Заривняктың шаңырағына барып, майдангерлерге барша маңғыстаулықтардың атынан ризашылығын білдірді. Жеңіс жолында жанын шүберекке түйіп, от кешкен ардагерлерге Президенттің құттықтауын жеткізіп, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медалін тақты. Василий Салазкин – небәрі 14 жасында соғысқа аттанып, І Қиыр Шығыс майданы құрамында жауға қарсы соғысқан. Ал, Ольга Заривняк 13 жасынан соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткерген. Ол Беларусь жерінде, Брест облысының Клещели қаласында партизандық қозғалысқа қатысып, байланысшы қызметін атқарған. Ардагерлерге құрмет ретінде үйлерінің алдында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен патриоттық әндер шырқалды. Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Маңғыстаудағы көзі тірі қос соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден берілді.
https://sputnik.kz/20250509/bayqonyrda-zhenistin-80-zhyldygy-toylanyp-zhatyr-53397436.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53410220_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8af3c33415e5ea5f63a2434c71cf58a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, 9 мамыр – жеңіс күні, соғыс ардагері
маңғыстау облысы, 9 мамыр – жеңіс күні, соғыс ардагері
Маңғыстауда Жеңіс күні аталып өтті
17:58 09.05.2025 (жаңартылды: 18:03 09.05.2025) Өңірде екі соғыс ардагері Жеңіс күнін қарсы алды
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Маңғыстау облысында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде тойланды.
Ақтауда 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара "Мәңгілік алау" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен бірге ескерткішке тағзым етіп, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шараға тыл және еңбек ардагерлері, ақсақалдар, облыс, қала мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттегі "Жеңіс" саябағында Жеңіс күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Жиналғандар әскери мұражайды аралап, сарбаздар ботқасынан дәм татты.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Заривняктың шаңырағына барып, майдангерлерге барша маңғыстаулықтардың атынан ризашылығын білдірді. Жеңіс жолында жанын шүберекке түйіп, от кешкен ардагерлерге Президенттің құттықтауын жеткізіп, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медалін тақты.
Василий Салазкин – небәрі 14 жасында соғысқа аттанып, І Қиыр Шығыс майданы құрамында жауға қарсы соғысқан. Ал, Ольга Заривняк 13 жасынан соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткерген. Ол Беларусь жерінде, Брест облысының Клещели қаласында партизандық қозғалысқа қатысып, байланысшы қызметін атқарған.
Ардагерлерге құрмет ретінде үйлерінің алдында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен патриоттық әндер шырқалды.
Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Маңғыстаудағы көзі тірі қос соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден берілді.