https://sputnik.kz/20250508/shygys-qazaqstanda-99-zhastagy-sogys-ardagerine-qurmet-korsetildi-53332306.html
Шығыс Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Шығыс Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Майдангер Павел Стрехо әскер қатарына небәрі 17 жасында шақырылды 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T17:56+0500
2025-05-08T17:56+0500
2025-05-08T17:56+0500
жеңістің 80 жылдығы
шығыс қазақстан
соғыс ардагері
жеңіске тағзым
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53333590_0:71:1280:791_1920x0_80_0_0_499cf0e27e949de22396684011fe22dd.jpg
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жеңіс күні қарсаңында Глубокое ауданы Весёловка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Павел Стрехоны құттықтады. Туған ауылына оралған соң Павел Еремеевич мал шаруашылығы кешенінде электрик болып жұмыс істейді, отбасын құрып, жұбайымен бірге бес баланы тәрбиелеп өсірді. 1998 жылы майдангер Глубокое ауданының Весёловка ауылына көшіп келіп, қазірге дейін осы ауылда тұрады. Соғыс ардагерінің иелігінде бірнеше мемлекеттік марапаттар бар: III дәрежелі Даңқ ордені, Отан соғысы ордені, , "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Кёнигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", маршал Жуков медалі және мерейтойлық медальдар бар. Облыс әкімі ардагерге Жеңіс жолындағы ерлігі мен батырдығы үшін алғысын айтып, амандық тіледі.
https://sputnik.kz/20250508/tarazda-askeri-qyzmetshiler-maydangerler-ushin-uy-zhagdayyndagy-zhenis-paradyn-uyymdastyrdy-53330450.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53333590_66:0:1215:862_1920x0_80_0_0_a02c64b381f0c47b06b3e93d96291a57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, соғыс ардагері, жеңіске тағзым
шығыс қазақстан, соғыс ардагері, жеңіске тағзым
Шығыс Қазақстанда 99 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Майдангер Павел Стрехо әскер қатарына небәрі 17 жасында шақырылды
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жеңіс күні қарсаңында Глубокое ауданы Весёловка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Павел Стрехоны құттықтады.
"Павел Еремеевич 1926 жылдың 23 ақпанында Марқакөл ауданының Рождественка ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылы, небәрі 17 жасында шақырылды. 1944 жылы ол 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, соғыстың соңына дейін сол жерде қызмет етеді. Кейін ол Қиыр Шығысқа аттанып, Жапониямен соғысқа қатысты", - делінген хабарламада.
Туған ауылына оралған соң Павел Еремеевич мал шаруашылығы кешенінде электрик болып жұмыс істейді, отбасын құрып, жұбайымен бірге бес баланы тәрбиелеп өсірді.
1998 жылы майдангер Глубокое ауданының Весёловка ауылына көшіп келіп, қазірге дейін осы ауылда тұрады.
Соғыс ардагерінің иелігінде бірнеше мемлекеттік марапаттар бар: III дәрежелі Даңқ ордені, Отан соғысы ордені, , "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Кёнигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", маршал Жуков медалі және мерейтойлық медальдар бар.
Облыс әкімі ардагерге Жеңіс жолындағы ерлігі мен батырдығы үшін алғысын айтып, амандық тіледі.