Парламент өкілдері Ленинградты азат етуші отандастардың рухына тағзым етті
11:10 08.05.2025 (жаңартылды: 11:39 08.05.2025)
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБҚазақстандықтар Ленинград қорғаушыларын еске алды

© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБ
Жазылу
ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Санкт-Петербургтегі Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Қазақстандықтар Ленинград қорғаушыларын еске алды. ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы және ТМД парламентаралық ассамблеясындағы Қазақстан парламентінің өкілетті өкілдері Виктор Рогалев пен Асхат Мұқашев Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБ
Санкт-Петербургте олар Пискарев мемориалдық зиратындағы Отан - Ана монументіне, сондай-ақ Ленинградты қорғау кезінде қаза тапқан және фашистік блокаданы бұзған қазақстандықтарға арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБ
Сондай-ақ Қазақстан парламентінің өкілдері Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова мен қоршауда қалған Ленинград тұрғындары және оның қорғаушыларының ерлігін жырлаған қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБ
"Соғыс батырларын еске алу - бұл біздің тарихымыз ғана емес, болашақ ұрпақ үшін адамгершілік бағдар. Шабуылға бірінші болып шығып, жауға қарсы жауынгерлерді бастаған Әлия Молдағұлова батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы болып қала береді", – деп атап өтті Виктор Рогалев.
Асхат Мұқашевтың айтуынша, Отан соғысының батырларын еске алу - ұрпаққа тарихты жадында ұстап, халықты бейбітшілік пен өзара түсіністікке біріктіреді.
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы мен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері Пискаревское зиратына гүл шоқтарын қойды
© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБ
"Бүгін біз бостандық пен бейбітшілік үшін күрескендердің, оның ішінде батылдығы мен жанқиярлығы біздің ортақ жеңісіміздің бір бөлігіне айналған қазақстандықтардың рухының алдында басымызды иеміз", – деді Асхат Мұқашев.