Өзбекстан 2027-2028 жылдары ЕАЭО-ға кіру жұмысын бастауы мүмкін – сарапшы

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өту Государственный флаг Узбекистана, архивное фото
 Государственный флаг Узбекистана, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
2025 жылдың мамыр айында ЕАЭО өзінің 10 жылдығын атап өтеді
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Өзбекстан 2027-2028 жылдары ЕАЭО-ға толыққанды кіру жұмысын бастауы мүмкін.
Бұл туралы РИА Новостиге Ташкенттегі Ma'no зерттеу бастамалары орталығының директоры Бахтиёр Эргашев айтты.
Мамыр айында ЕАЭО-ның құрылғанына 10 жыл толады. Өзбекстан 2020 жылдан бері ЕАЭО-да бақылаушы рөлін атқарып келеді.
"Қазір нақты уақытын айту қиын, бірақ менің ойымша, Өзбекстан 2027-2028 жылдарға қарай ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі мәртебесін алу жұмысын бастауға дайын болады", - деді Эргашев.
Оның бағалауы бойынша қазір Өзбекстан бақылаушы ретінде ұйымға едәуір оңай әрі ауыртпалықсыз кіруге мүмкіндік беретін шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, республикада Өзбекстанның ЕАЭО-ға толыққанды мүше ретінде қосылуынан белгілі бір жеңілдіктер ала алатын ондаған өндіріс жұмыс істеп тұр, бірақ сарапшының пікірінше, "әлсіз салалар да бар".
"Атап айтқанда, Өзбекстанның банк секторы, екінші деңгейлі банктер, күрделі банк құрылымдарымен, мысалы, Ресейде немесе Қазақстанда тең жағдайда бәсекеге түсу үшін әлі көп жұмыс істеуі керек", - деді Эргашев.
Оның ойынша, кез келген қауымдастыққа кірудің артықшылығы ғана емес, кемшілігі де болады.
Біз оған объективті қарауымыз керек. Бірақ дәл осы объективті көзқарас Өзбекстанның ЕАЭО-ға толыққанды мүшелікке өтуі стратегиялық бағыт екенін көрсетеді және оны жүзеге асыру қажет, деп толықтырды сарапшы.
Жаңалықтар
0